«Барселона» - финалда!

Каталониялық «Барселона» УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шықты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Мюнхенде жергілікті «Бавария» мен «Барселона» кездескен. Өткен аптада каталониялықтар 3:0 есебімен жеңіп, үлкен басымдыққа ие болды. Сондықтан финалға шығу үшін немістерге төрт гол айырмашылығымен жеңу керек еді.

7-минутта Бенатия алаң иелерін алға шығарса, бірнеше минуттан соң Неймар таразы басын теңестіріп тастады. Көп ұзамай бразилиялық жұлдыз қонақтарды алға шығарып, жартылай финалдық кездесудің тағдырын шешіп тастады. Себебі енді «Баварияға» бес гол соғу керек болатын. Мюнхендіктер екінші таймда екі гол салып, финалға шықпаса да, еуромаусымды жеңіспен аяқтады. Қорытынды есеп – 3:2, жеңген – «Бавария», финалға шыққан – «Барселона».

Бавария – Барселона 3:2 (1:2)

Голдар: 1:0 – Бенатия 7, 1:1 – Неймар 15, 1:2 – Неймар 29, 2:2 – Мюллер 59, 3:2 – Левандовски 74

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или