Головкин бейсбол матчын ашып берді
<p style="text-align: justify;">
<strong>Геннадий Головкин Лос-Анджелестегі Dodger Stadium бейсбол алаңында жергілікті командалар арасындағы матчта алғашқы допты лақтырып, ойынды ашып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Ұйымдастырушылар алқасы MLB біріншілігі аясында «Лос-Анджелес Доджерс» және «Майами Марлинс» бейсбол командалары арасындағы матчты ашуды отандасымыз Геннадий Головкинге сеніп тапсырыпты. Айта кету керек, қазақстандық боксшы Dodger Stadium-да ұйымдастырылған шараға екінші рет құрметті қонақ ретінде шақырылып отыр. Бұдан бөлек, Головкин АҚШ-тың Финикс қаласында өткен қайырымдылық кешіне де құрметті қонақ ретінде шақырылған болатын.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге саламыз, Геннадий Головкин 16 мамырда кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның бұл кездесудегі қарсыласы америкалық Вилли Монро (19-1, 6 КО).</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или