Юрий Красножан: «Қарсылас батыл қимыл көрсете алды»

Футболдан Буркина-Фасо құрамасына қарсы жолдастық матчтан кейін Қазақстан командасының бас бапкері Юрий Красножан ойын туралы пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Әрине, жеңіске жете алмағанымыз өкінішті. Дегенмен матч жақсы деңгейде өтті. Қарсыластың айып алаңында көптеген қауіпті сәттер ұйымдастырдық, - деп бастады ресейлік маман. – Екінші тайм оңайға соққан жоқ. Қарсылас батыл қимыл көрсете алды. Бірақ шабуылдағы Сергей Хижниченко және Алексей Щеткин бар шеберліктерін көрсете алмады. Бастапқыда көпшілік ойлағандай қонақтар бұл ойынға негізгі құрамда келмеді. Дегенмен Африка құрлығындағы команда бізге жұмбақ болды. Біз олардың қандай деңгейде екендігін де білмедік, себебі олардың ішкі біріншілігі бізге әлі беймәлім. Ойынның соңына қарай жас футболшыларғада мүмкіндік бердім. Тимур Досмағанбетов және Санат Жұмханов қазақ футболының қазіргі таңдағы болашақ жұлдыздары екенідігіне ешқандай күмәнім жоқ. Осындай тәжірибе алмасу матчтарында жас футболшыларға көптеген мүмкіндік берілу керек».

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан мен Буркина-Фасо арасындағы кездесу 0:0 есебімен аяқталған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или