Идрисса Траоре: «Қазақстанға үлкен алғысымызды айтамыз»

Футболдан Қазақстан құрамасына қарсы жолдастық кездесуден кейін Буркина-Фасо командасының бас бапкері Идрисса Траоре өткен ойын туралы пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Құрамадағы барлық ойыншылардың атынан Қазақстанға үлкен алғысымызды айтамыз. Ойын кезінде біз Қазақстанмен бір рух барын сезіндік. Спорттан тыс, біз Қазақстаннан жылуды сезіндік. Біздің командалар өте ұқсас. Тіпті, біздің әкеміз бен анамыз ортақ деуге болады. Біздің ойыншылар жақсы тәжірибе жинады. Қазақстандық бауырларымыз да ойыннан жағымды әсер алды деп ойлаймыз», - деді Траоре.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан мен Буркина-Фасо құрамалары арасындағы жолдастық матч 0:0 есебімен аяқталған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или