Нұрбек Оралбай Thailand Open-2022 халықаралық турнирінде алтын медаль иеленді

Нұрбек Оралбай Thailand Open-2022 халықаралық турнирінде алтын медаль иеленді

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай (81 келі) Пхукетте өтіп жатқан Thailand Open-2022 халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің финалында Оралбай 2019 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері үндістандық Ашиш Кумармен кездесті. Тартысты бәсекенің нәтижесінде төрешілердің бірауызды шешімімен Оралбай жеңіске жетіп, Кумар күміс жүлдегер атанды.

Айта кетерлігі, бүгін осы турнирде Серік Теміржанов (57 келіге дейін) алтын медаль иеленіп, ал Сұлтан Мүсінов (63 келіге дейін) пен Асланбек Шымбергенов (69 келіге дейін) финалда күміс жүлдегер атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или