Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Аустралияға жол берді
Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Juniors Billie Jean King Cup іріктеу сайыстарының ширек финалында Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы Аустралиямен кездесті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова жекелей сында қарсыластарынан ұтылып қалды. Жұптық сында жеңіліп жатқан аустралиялықтар бәсекені жалғастырудан бас тартты. Соған қарамастан, олар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бүгін қыздарымыз Өзбекстан құрама командасымен бесінші орынға ойнайды.

Енді алдағы дүйсенбіде Нью-Делиде 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының іріктеу сайыстары басталады. Қазақстан намысын Данир Қалдыбеков, Әмір Оралханов және Виталий Зацепин қорғайтын болады. Капитаны – Жансұлтан Чемботаев.