Андрей Голубев Мароккодағы турнирдің жартылай финалында
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Марракеш (Марокко) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші франциялық Фабрис Мартенмен бірге ширек финалда марокколықтар Ламин Уахаб – Эллиот Беншетримен шеберлік байқасты. Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Голубев пен Ф.Мартен қарсыластарын 6:3, 7:6 (7:4) есебімен ұтты.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде олар 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдалана алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или