Головкин - Мурата жекпе-жегі қаншада басталады?
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Talksport.com журналисі Майкл Бенсон DAZN-ға сілтеме жасап, кездесу уақытын хабарлады. Головкин мен Мурата Нұр-Сұлтан уақытымен 18:10 шамасында рингке шығады.
Айта кетейік, Головкин - Мурата жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада өтеді.
Екі боксшы да рингке ұзақ уақыттан бері шықпаған. Головкин кейінгі жекпе-жегін 2020 жылы желтоқсанда өткізсе, Мурата кейінгі рет 2019 жылы желтоқсанда жұдырықтасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или