Қазақстандық төрешілер Италия - Литва матчына тағайындалды

Қазақстандық төрешілер Италия - Литва матчына тағайындалды
Әйелдер арасында 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Италия мен Литва арасындағы кездесуге тағайындалған төрешілер тобы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі kff.kz сайтына сілтеме жасап.

Матчтың бас төрешісі біздің отандасымыз Эльвира Нұрмұстафина болмақ. Оның қос қапталдағы көмекшілері Динара Ыдырысова және Сергей Калачев, төртінші рефери — Саят Қарабаев.

Италия — Литва ойыны 8 сәуір күні Парма қаласында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или