Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында бетпе-бет кездесті
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапондық Риота Мурата алдағы жекпе-жектің алдында бірінші рет бетпе-бет кездесті. Олар орта салмақтағы IBF, WBA Super және IBO әлем чемпионы титулдары үшін жұдырық түйістіреді.
Шара барысында боксшылар белбеулерін көрсетіп, суретке түсті. Геннадий әлеуметтік желідегі парақшаларында шарадан бейнетүсірілім жариялады.
Еске салайық, Геннадий Головкин - Риота Мурата жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или