Thailand Open: Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды
Таиландтың Пхукет қаласында бокстан Thailand Open халықаралық турнирі өтіп жатыр.
Назарларыңызға жартылай финалға жолдама алған қазақстандық спортшылар мен олардың қарсыластарының тізімін ұсынамыз.
Жартылай финалдық бәсекелер 8 сәуір күні өтеді. Күндізгі сессия сағат 12:00-ге жоспарланған.
57 кгелі: Серік Теміржанов - Руджакран Джунтронг (Таиланд)
75 келі: Аятулла Такижанов - Сумит (Үндістан)
91 келі: Сағындык Тоғамбай - Айбек Оралбай
Кешкі сессия (15:00):
63 келі: Санатәлі Төлтаев - Сұлтан Мусинов
69 келі: Асланбек Шымбергенов - Атичай Фомсап (Таиланд)
Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасының сапынан Нұрбек Оралбай бірінші болып финалға шыққан болатын.