Юрий Красножан: «Бірінші нөмірмен ойнау біз үшін маңызды»

Қазақстан Ұлттық құрамасының Талғардағы базасында команданың бас жаттықтырушысы Юрий Красножанның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Красножан уақытты созбай, бірден сауалдарға жауап беруге кірісті:

- Небәрі төрт айдың ішінде үшінші жолдастық кездесу өткізейін деп жатырмыз, біз бұған қуаныштымыз. Мұны айтпай кетуге болмайды. Премьер-Лига клубтары мен Федерация мүшелеріне жолдастық кездесу өткізу үшін ыңғайлы уақыт белгілегендеріне алғысымды айтамын. Келесі айда бізді Түркияға қарсы Еуропа чемпионатына іріктеу матчы күтіп тұр. Осы ойынның алдында командамен жиналып, ойынды жүйелеу біз үшін өте маңызды. Түріктерге қарсы дайындаған жоспарымызды жолдастық кездесу барысында қолданып көрмекпіз.

- Буркина-Фасо құрамасы негізгі құрамды емес, өз чемпионатындағы ойыншыларын шығармақ. Осы жайында айтып өтсеңіз.

- Еуропада футбол маусымы бітпеді, сондықтан негізгі ойыншылары келе алмады. Қазір мұндай қарсыластарды табу қиын. Біз олардың негізгі құраммен келетінін күтпедік. Себебі Ресейде, Францияда, Голландияда доп тебетін ойыншыларды чемпионат аяқталар тұста клуб басшылықтары жібере қоймайды. Бірақ олардың құрамасын жинақтауға біз араласпаймыз. Келген команда өз елінің ішкі чемпионатында ойнайтын үздік футболшылар. Жалпы алғанда, Буркина-Фасо құрамасы өте жақсы деңгейде, ұлттық құрамасымен қатар жастарының да жеткен жетістіктері біршама. Ол жақта Еуропада доп тебетін талантты футболшылар мен Африка халықтары кубогін иеленген кейінгі толқын өкілдері дүниеге келген. Олардың арасында бірнеше финалдық ойындарда өнер көрсеткен жастар да көп. Сонымен қатар, команда сапында тәжірибелі көшбасшы футболшылар бар.

- Осы ойында Қазақстан бірінші нөмірмен ойнайды ма, әлде қорғанысқа мән бере ме?

- Нидерландымен болған кездесуде ғана Қазақстан екінші нөмірде ойнады. Мұнда қарсылас команданың қай нөмірмен ойнауды қалайтынына байланысты. Біз үшін ойынды өз қолымызға алу өте маңызды. Бірінші нөмірмен ойнау – бірінші кезектегі мақсатымыз.

- Дайындық қалай өтуде? Барлық ойыншыларға көңіліңіз толады ма? Қосалқы тізімдегі Ненад Эричтің құрамға шақыртылуының себебі неде?

- Жиынға шақырту алған тізімдегі 28 футболшының 25-і қазір бізбен бірге. Қосалқы ойыншылардың да бары рас. Себебі ОЖЖ қатысатын ойыншыларды біз төрт турдан кейін жариялаймыз. Бұл уақыт аралығында барлығы да болуы мүмкін. Мәселен, өткен турда Стас Покатилов жарақат алып қалды, оның матчқа қатысуы әзірше белгісіз. Эричтен бөлек, қосалқы құрамда жарақат алған тағы бір ойыншы Андрей Сидельников та болған. Покатиловтың жағдайының қалай боларын білмедік, сондықтан Эричті шақырдық. Бапкерлік бөлім, дәрігерлік көмек және база қызметкерлері футболшыларды қайта қалпына келтіруі жұмыстарымен айналысуда. Кешегі жаттығудан соң, командамыздың маусым басындағы ойынына қарағанда біршама жетілгендігін айта аламын. Матчқа Джолчиев пен Исламхан қатыспайды.

Юрий Логвиненкоға да сұрақ қойылды:

- Ұлттық құраманың ойынына жасанды алаңнан табиғи көгалға ауысу әсер етеді ма?

- Біз чемпионат барысында әр түрлі алаңда ойнаймыз, кейбірі табиға алаңда қарсыласын қабылдаса, басқасы жасанды төсеніште ойнауға мәжбүр. Астанада дайындық мерзімін жасанды алаңда өткіземіз. Мұнда, Алматыда біге Орталық алаңның көгалында дайындалуға төрт күн уақыт берді. Әрине, ойындарды табиғи алаңда өткізуді жөн деп санаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или