Thailand Open-2022: Серік Теміржанов жартылай финалға шықты

Thailand Open-2022: Серік Теміржанов жартылай финалға шықты

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Пхукетте (Таиланд) өтіп жатқан Thailand Open-2022 турнирінде 57 келіге дейінгі салмақта ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Жартылай финалға шығу үшін 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Теміржанов сингапурлық Мохамед Ханурдин Бин Хамидпен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында Серік қарсыласын төрт рет нокдаунға түсіріп, сенімді жеңді.

Бүгін Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін) ширек финалда күтпеген жеңіліске ұшырады - ол тайлық Танарат Саенфеттен жеңіліс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или