Бибосынов Тайландтағы турнирдің ширек финалында ұтылды

Бибосынов Тайландтағы турнирдің ширек финалында ұтылды

Пхукет қаласында (Таиланд) бокстан Thailand Open-2022 халықаралық турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

52 келіге дейінгі салмақта ширек финалдық кездесуде Токиода өткен Олимпиаданың қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы Сәкен Бибосынов жарысты ұйымдастырушы елдің өкілі Танарат Саенфетпен кездесті. Төрешілердің шешімімен Сәкен ұтылып қалды.

Осылайша Бибосынов турнирде медальсыз қалды.

Еске салайық, турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде Бибосынов жерлесі Санжар Тәшкенбайды ұтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или