Тайландтағы турнир: Қазақстандықтар қатысатын жекпе-жектердің тікелей трансляциясы
Бүгін Thailand Open турнирінде Қазақстанның үш боксшысы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
2021 жылғы әлем чемпионы Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін) жартылай финалға шығу үшін таиландтық Танарат Саенфетпен және Серік Теміржанов (57) сингапурлық Мохамед Ханурдин Бин Хамидпен жұдырықтасады. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 12:00-де басталатын күндізгі сессияда өтеді.
Кешкі сессия сағат 15:00-де өтеді. Онда қазақстандық Нұрбек Оралбай (81) таиландтық Анават Тонгкатокқа қарсы шығады.
Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы Тайланд бокс қауымдастығының YouTube арнасында қолжетімді болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или