Павлодарда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды
5 сәуірде Павлодарда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Спортшылар жарыстың алғашқы күнінде командалық санат бойынша сынға түседі. Командалық жарыстың финалдық кезеңі ертең, 6 сәуірге жоспарланған.
Айта кетерлігі, аталған ел біріншілігіне Кирилл Герасименко, Сарвиноз Миркадирова, Алан Құрманғалиев, Анастасия Лаврова, Айдос Кенжіғұлов, Зәуреш Ақашева, Ирисбек Артукметов, Анель Бақыт, Ескендір Харки сынды ұлттық құраманыің бетке ұстар спортшылары да қатысып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или