Жеңістің 70 жылдығына орай бокстан жарыс өтті

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов ауылында жасөспірімдер арасында бокстан ел біріншілігі өтті.

Байрақты бәсекеге Алматы, Шымкент, Павлодар және Семей қалаларынан жалпы саны 240 балғын боксшы бақтарын сынады. Олар 16 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. Биыл төртінші жыл өткен жарыстың ауқымы мен дәрежесі де көтеріліп келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы жылдары былғары қолғапқа деген ауылдағы балалардың ынтасы ерекше ауған, деп ақпарат таратты 24.kz.

«Біздің бұл жарысты өткізудегі ең басты мақсатамыз – жастардың патриоттық рухын көтеру. Яғни біздің аталарымыз бен әкелеріміз бейбіт күн үшін жандарын беріп, қандарын төкті. Бұл жарыс соларды еске алуға арналады. Оларды бүгінгі ұрпақтар ешқашан ұмытуы тиіс емес», - деді ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бағлан Раимханов.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или