Иван Дычко америкалық боксшымен жекпе-жек өткізеді

Иван Дычко америкалық боксшымен жекпе-жек өткізеді

<span>Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычконың (11-0, 11КО) алдағы жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды.</span>

<span>Иван Дычконың айқасы 16 сәуір күні Американың Мерфрисборо (Теннесси штаты) қаласында өтеді. Оппоненті – жергілікті спортшы Дэниэл Мартц (20-10-1, 17КО). </span>Кездесу 10 раундқа есептелген.

<span>Қазақстандық боксшы мұның алдындағы жекпе-жегін былтырғы 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өткізді. Ол бірінші раундта техникалық нокаутпен ресейлік бокс ардагері Александр Устиновті (36-6-1, 27КО) жеңді.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или