«Айсұлу» Еуропа әйелдер хоккей лигасының күміс жүлдегері атанды
Еуропа әйелдер хоккей лигасы (EWHL) 2021/2022 жылғы маусымының финалында австриялық Филлахта алматылық «Айсұлу» мен венгриялық «КМХ Будапешт» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесуде венгриялық команда 4:2 есебімен жеңіп, турнирдің алтын медалін иеленді. Ал «Айсұлу» хоккейшілері күміс жүлдегер атанды.
Қазақстан чемпиондары сапында Калиста Сенгер мен Лариса Свиридова шайба салды.
«КМХ Будапешт» (Венгрия) – «Айсұлу» (Алматы, Қазақстан) 4:2 (1:0, 0:1, 3:1)
1:0 – Уильямс (Ни, Эскудеро) – 07:12
1:1 – Сенгер (Берндсен, Маклин) – 29:39
2:1 – Дабаши (Э. Тот, Хусак) – 41:00
3:1 – Макгилл (Уильямс, Эскудеро) – 47:01
4:1 – Хусак (Э. Тот, Дабаши) – 57:40
4:2 – Свиридова (Броуд) – 59:04
Қақпашылар: З. Тот – Щеколова
Фото ewhl.com
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или