Иван Дычконың қарсыласы белгілі болды
Суперауыр салмақтағы қазақстандық Иван Дычко (11-0, 7 КО) 16 ақпанда Мерфрисборода (Теннесси, АҚШ) өткізетін жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Boxrec.com мәліметінше, Дычко кәсіпқой рингтегі 12-кездесуінде америкалық Дэниэл Мартцпен (20-10-1, 17 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек он раундқа есептелген.
Иван Дычко кейінгі жекпе-жегін былтыр 18 желтоқсанда өткізіп, Нұр-Сұлтанда ресейлік Александр Устиновті (36-6-1, 27 КО) нокаутпен жеңген болатын.
Фото instagram.com/ivandychko
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или