Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлердің финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлердің финалына шықты

<span>Қазақстандық теннисшілер Григорий Ломакин мен Аружан Сағындықова халықаралық турнирлердің финалына дейін жетті.</span>

<span>Григорий Ломакин жұптық сында украиналық Олег Приходькомен бірге Перейра (Колумбия) ATP Challenger турнирінің финалында венесуэлалық Луис Мартинес – колумбиялық Кристиан Родригеспен күш сынасты. Г.Ломакин мен О.Приходько тәжірибелі қарсыластарымен теңбе-тең дәрежеде өнер көрсетті.</span>

<span>Екі сет те тай-брейкке дейін жетіп, онда Л.Мартинес пен К.Родригес сәттірек ойнады – 7:6 (7:2), 7:6 (7:3).</span>

<span> Мароккода сондай-ақ үшінші санаттағы ITF Juniors жарысы мәреге жетті. Онда тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова португалиялық Софья Пинтомен бірге соңғы бәсекеде жергілікті спортшылар Мафалда Гуэдеш – Матильда Мораисқа есе жіберді – 2:6, 4:6.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или