Жапондар Головкинді ыстық ықыласпен қарсы алды - GGG промоутері

Жапондар Головкинді ыстық ықыласпен қарсы алды - GGG промоутері

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Жапонияда Риота Муратамен өтетін жекпе-жегі жергілікті БАҚ-тың және бокс жанкүйерлерінің зор қызығушылығын тудырып отыр. Бұл туралы GGG-дің промоутері Том Леффлер мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

<span>IBF/IBO орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің WBA Super титулының иегері Риота Муратамен жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада өтеді. GGG қазір командасымен бірге Токиода. Ол жекпе-жекке дейін сонда болады және карантин уақытын өткізеді.</span>

<span>«Бұл жекпе-жек мұндағы айтулы оқиға болмақ. Геннадийді көп журналист пен фанаттары әуежайдан ыстық ықыласпен күтіп алды», - деп жазды Леффлер Twitter парақшасына.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или