Жапондықтар Головкинді ыстық ықыласпен қарсы алды - GGG промоутері
<span>Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Жапонияда Риота Муратамен өтетін жекпе-жегі жергілікті БАҚ-тың және бокс жанкүйерлерінің зор қызығушылығын тудырып отыр. Бұл туралы GGG-дің промоутері Том Леффлер мәлім етті. </span>
<span>IBF/IBO орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің WBA Super титулының иегері Риота Муратамен жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада өтеді. GGG қазір командасымен бірге Токиода. Ол жекпе-жекке дейін сонда болады және карантин уақытын өткізеді.</span>
<span> «Бұл жекпе-жек мұндағы айтулы оқиға болмақ. Геннадийді көп журналист пен фанаттары әуежайдан ыстық ықыласпен күтіп алды», - деп жазды Леффлер Twitter парақшасына.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или