Елімізде алғаш рет қазақ күресінен үздіктердің үздігі анықталды

Елімізде алғаш рет қазақ күресінен үздіктердің үздігі анықталды

Елімізде алғаш рет «Үздіктердің үздігі» атты республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Қазақ күресі ассоциациясының баспасөз қызметі.

«Соңғы жылдары елімізде қарқынды даму жолына түскен қазақ күресінде тек ауыр салмақта белдесетін балуандарға көп көңіл бөлініп келгені белгілі. Қаржылай сыйлық та, құрметте тек осылардың еншісінде. Бұл әсте дұрыс емес. 

Яғни бүгіндері жеңіл салмақтағы балуандарды да ынталандыру және әр салмақ дәрежесінде елдің бас балуанын анықтау қажеттілігі туындап отыр.

Осы мақсатта Нұр-Сұлтан қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында елімізде алғаш рет «Үздіктердің үздігі» атты республикалық турнир өткізілді. Бұл додада қазақ күресіндегі рейтинг бойынша 8 салмақ дәрежесіндегі жоғары тұрған ең үздік балуандар белдесті.

Тартысты өткен турнирдің жеңімпаздарына өз салмағының «Бас балуаны» мәртебесі беріліп, 10 000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйлық табысталды», – делінген ұйымның жазбасында.

8 салмақ дәрежесіндегі ең мықтылар төмендегідей:

55 кг. Бекжан Төлепов (Қызылорда облысы).

60 кг. Ержан Еренқайыпов (Нұр-Сұлтан қаласы).

66 кг. Армат Есқазиев (Алматы қаласы)

74 кг. Шалқыбек Рахметоллаев (ШҚО)

82 кг. Айдар Бескемпір (Жамбыл облысы)

90 кг. Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы)

100 кг. Бекзат Ахметбеков (Қарағанды облысы)

+100 кг. Мақсат Исағабылов (Қызылорда облысы).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или