Қазақстандық боксшы өнер көрсететін кештің тікелей трансляциясы

Қазақстандық боксшы өнер көрсететін кештің тікелей трансляциясы

31 наурызда Краснодарда бокс кеші өтеді, онда қазақстандық Нұржан Мақашбаев (1-2-2) кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жастағы алматылық боксшының қарсыласы жеңіліп көрмеген 21 жастағы ресейлік боксшы Владимир Мироненко (4-0, 3 КО) болады. Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген.

Алғашқы кардтың тікелей трансляциясы <span>«Боец»</span> арнасында өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады.

Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Руслан Файфер (27-3-1, 18 КО) мен Шигабудин Алиев (9-0-1, 6 КО) кездеседі. Ол Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:00-де басталады. Жекпе-жекті <span>«Матч ТВ» және «Матч Планета» арнасынан көруге болады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или