Головкин суперчемпионмен жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға аттанды
IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA Super титулының иегері Риота Муратаға қарсы жекпе-жек өтетін Жапонияға аттанды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы қазақстандық боксшы Twitter парақшасында мәлімдеді.
GGG ұшақ салонында түскен суретін жариялап, «Жақында жүздесеміз, Жапония!», – деп жазды.
Айта кетейік, орта салмақтағы үш чемпиондық белбеу сарапқа салынатын Головкин - Мурата жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада өтеді.
See you soon, Japan! #teamGGG pic.twitter.com/eSzUKfBFfJ
— Gennadiy Golovkin (@GGGBoxing) March 30, 2022
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или