Альберт Селимов – сәуір айының үздік боксшысы

Альберт Селимов – сәуір айының үздік боксшысы

АИБА сарапшыларының пікірі бойынша сәуір айының үздік боксшысы «Баку оттары» клубының өкілі Альберт Селимов атанды.

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (АИБА) жыл басында тағы бір жобаны қолға алған еді. 2015 жылдан бастап сарапшылар мен бокс мамандары әр айда көпшілікті тәнті етіп, үздік шыққан боксшыларды анықтайтын болды. Яғни, осы жылдың басынан бастап әр ай сайын сыралғы саңлақтарға «Үздік боксшы» деген атақ беруді бастады.

Бұған дейін бұл атақты қырғыз боксшысы Азат Үсеналиев пен қытайлық Лу Бин алса, наурыз айының үздік боксшысы деген атақ аса ауыр салмақта өнер көрсететін «Астана арландары» клубының хорватиялық легионері Филип Хрговичке бұйырыған болатын.

Ал, сарапшылар мен бокс мамандарының пікірі бойынша сәуір айының үздік боксшысы әлем чемпионы, «Баку оттары» клубының өкілі Альберт Селимов атанды.

Әзірбайжан боксшысы WSB жобасының іріктеу кезеңін тамаша жеңіспен аяқтаған. Жекелей рейтингте екінші орын алып, Олимпиада жолдамасын да иеленген еді.

Селимов 1986 жылы Дағыстанда туған. Ұлты  — лезгин. Ресей құрамасы сапында әлем чемпионы атанған. Бүгінде Әзірбайжан азаматтығын алып, Олимпиада ойындарында осы елдің намысын қорғамақ.

«Алаш айнасы» интернет-порталы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или