Анастасия Городко: Жоғары деңгейдегі дайындығымызды көрсете алдық деген ойдамын

Анастасия Городко: Жоғары деңгейдегі дайындығымызды көрсете алдық деген ойдамын

Қазақстандық спортшы Анастасия Городко фристайл-могулдан жастар арасында әлем чемпионы атанды.

«Жарыс оңайға соқпады. Қатысушылар арасында Әлем Кубогінде жоғары нәтиже көрсетіп жүрген қыздар да болды. Кейбір сәттерде барлығы біз ойлағандай болмады. Енді алдағы уақытта қандай қателіктермен жұмыс істеу керегін білетін боламыз.

Дегенмен үш санатта да, яғни жекелей могул, аралас және командалық могулда жүлде алғанымыз үшін өте қуаныштымын. Жоғары деңгейдегі дайындығымызды көрсете алдық деген ойдамын», - деді Анастасия.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или