28 елдің балуандары Қармақшыда белдесіп жатыр

28 елдің балуандары Қармақшыда белдесіп жатыр

Бүгін Жеңіс күніне орай Қызылорда облысы Қармақшы ауданында Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаев атындағы самбодан ХХ халықаралық мемориал салтанатты түрде ашылды.

Бұл турнирдің жалауы осымен 20 мәрте желбіреп отыр. Халықаралық мемориалға 28 елден 300-ге жуық спортшы қатысуда. Жарысқа қатысушылардың 50-і ҚР спорт шеберлері, 6-уы халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Жалпы, бәсекеге Моңғолия, Грузия және Ресейдің мықты самбо шеберлері келді.

- Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан халықаралық мемориалдың деңгейі жыл өткен сайын артып келеді. Спортшылар осы бәсекеде шыңдалып, халықаралық аренада жеңіс тұғырынан көрініп жүргені сөзіміздің дәлелі. Екі күнге жалғасатын дәстүрлі спорт сайысында балуандардың бағы мен бабы қатар шауып, шын мықтылар жеңіс тұғырынан көрінуге тілектеспін, - деді турнирдің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Айта кетейік, турнир соңында қазақ күресінен «Түйе палуан» сайысы өткізіледі. Жүлде қоры 1-орынға «Toyota Prado», 2-орынға «Toyota Camry», 3-орынға «Toyota Corolla» автокөліктері, 4-орынға 15 мың АҚШ доллар.

baq.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или