Головкин Сауль Альвареске қарсы трилогия туралы ойын айтты

Головкин Сауль Альвареске қарсы трилогия туралы ойын айтты

<span>Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.<span class="Apple-converted-space"> </span></span>

<span>«Жапониядағы жекпе-жектен аттап өтуге болмайды. Бұл керемет кездесу, бар ойым сонда. Шынымды айтсам, Канелоны жақсы танимын, екеуіміз екі жекпе-жек өткіздік, бүкіл уақыт бойы үшінші кездесуді ойлап жүрген жоқпын. Бұл міндетті немесе ғажайып дүние деп есептемеймін. Менің жағдайым анық - қазір бар ойым Жапониядағы жекпе-жекте», — деді Головкин Reuters басылымына.</span>

<span>Головкин 9 сәуірде Сайтамада Риота Муратамен жекпе-жек өткізеді. Головкин жеңіске жетсе, қыркүйекте Сауль Альвареспен жұдырықтасады деп күтіледі.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или