Жапондық Сакамото мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Жапондық мәнерлеп сырғанаушы Каори Сакамото әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды.
<span>Турнир Францияның Монпелье қаласында өтуде. Жеңімпаз қысқа және еркін бағдарламалар қосындысы бойынша 236,09 ұпай (80,32 + 155,77) жинады. </span>
<span>Екінші орынды Бельгия спортшысы Луна Хендрикс (217,70; 75,00 + 142,70) иеленген. Үздік үштікке американдық Алиса Лю (211,19; 71,91 + 139,28) да кірді. </span>
<span>Сакамото 21 жаста, ол Бейжің Олимпиадасында жекелей және командалық турнирде қола жүлдегер атанған. Әлем чемпионаты 27 наурыз күні аяқталады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или