Қырғыз файтері OCTAGON 29 турнирінде қазақстандық Самбет Найманбаевты жеңді

Қырғыз файтері OCTAGON 29 турнирінде қазақстандық Самбет Найманбаевты жеңді

OCTAGON 29 турнирінің басты жекпе-жегінде ұйымның жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Промоушеннің бос тұрған титулын иелену үшін октагонға қырғыз файтері Шермұрат «Пантера» Калилов (3-0) пен қазақстандық Самбет Найманбаев (4-4) шықты.

Бірінші раундта файтерлер бірін-бірі бақылап, тең дәрежеде өтті. Ал екінші раундта Калилов қылқындыру әдісін орындап, Найманбаевты жеңді.  

Қырғызстандық проспект карьерасында төртінші рет жеңіске жетті, Калилов OCTAGON промоушенінің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы атанды.

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или