Қамшыбек Қоңқабаев титулын қорғамайды
25 наурызда Алматыда MTK Kazakhstan ұйымдастырған бокс кеші өтеді, оның басты жекпе-жегінде қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) пен өзбекстандық Фаррух Джураев (6-5-1, 2 КО) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін салмақ өлшеу рәсімі өтті. Екі боксшы да бірінші ауыр салмақ шегін (90,7 келіге дейін) орындады. Қамшыбек Қоңқабаев <span>бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold титулын қорғау керек еді, алайда қарсыласы аусықан соң жекпе-жек титулдық статусынан айырылды. </span>
Айта кетейік, бастапқыда Қоңқабаев оңтүстік африкалық Джонни Миллермен (23-9-2, 14 КО) жұдырықтасуы керек еді, бірақ ол жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или