Қазақстандық жас теннисші Еуропа рейтингісінде 20 апта бойы көш бастап тұр
Tennis Europe ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Заңғар Нұрланұлы 14 жвсқа дейінгілер арасында 20 апта бойы көш бастап келеді. </span>
<span>Қазір Заңғардың еншісінде 505 ұпай бар. </span>
<span>Сондай-ақ Қазақстаннан Дамир Жалғасбай 38-орында, Даниэль Тазабеков 129-сатыда тұр. </span>
<span>Junior Masters - Еуропаның 14 және 16 жасқа дейінгі ең үздік жас теннисшілері бақ сынайтын ірі жарыс. Онда кезінде Рафаэль Надаль, Ким Клейстерс, Александр Зверев, Белинда Бенчич сияқты теннисшілер чемпион атанған. Дода Монте-Карлоның атақты корттарында өтеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или