Қазақ боксшысы «Канело» — Бивол кардында жекпе-жек өткізеді

Қазақ боксшысы «Канело» — Бивол кардында жекпе-жек өткізеді

Әуесқой бокстан Азия чемпионы, өзбекстандық кәсіпқой боксшы Елнұр Әбдірайымов (8-0, 7 KO) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Zamin.uz мәліметінше, Әбдірайымов Сауль Альварес (Мексика) - Дмитрий Бивол (Ресей) арасындағы бокс кешінің кардында өнер көрсетеді. Кард 7 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Өзбекстандық боксшының қарсыласы әзірше белгісіз. 

«Канело» — Бивол кардында 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері, тағы бір өзбекстандық Шахрам Гиясов рингке шығады.

Айта кетейік, Елнұр Әбдірайымов - этникалық қазақ, Өзбекстан атынан жұдырықтасып жүр. 

Кейінгі жекпе-жегін 17 желтоқсанда Ташкентте өткізіп, филиппиндік Джон Джеминоны жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или