Теннистен Майами турнирі: Юлия Путинцева екінші айналымға шықты

Теннистен Майами турнирі: Юлия Путинцева екінші айналымға шықты

Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 243-орында тұрған 18 жастағы германиялық Настасья-Мариана Шункпен кездесті.

Путинцева 4:6, 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 27 жастағы спортшы екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында 1 эйс жасап, 20 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Юлия үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 33-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушовамен таласады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды.

Жүлде қоры 8,3 млн АҚШ долларынан асатын ірі дода 3 сәуірде мәреге жетеді. Турнирдің өткен жылғы чемпионы, әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Барти спорттық жолы аяқталғанын мәлім етіп, жарысқа қатысудан бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или