Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде бір сатыға төмендеді

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде бір сатыға төмен түсті. Жаңа тізім Халықаралық футбол федерациясының арнайы сайтында жарияланды.

Рейтингіде Қазақстан 210 ұпаймен 134-ші орында тұр. Қазақстан құрамасы Сент-Люсия командасы 131-ші орынға көтерілгеннен кейін бір сатыға түсіп отыр. Қазақстан құрамасының Еуро-2016-дағы қарсыластары: Голландия алтыншы орында, Исландия - 38-ші, Түркия - 52-ші, Латвия - 85-ші орында, ал Чехия 19-ші орыннан 18-ге көтерілді.

ФИФА рейтингінің алғашқы ондығы өзгеріссіз қалды. Германия құрамасы бұл тізімде 1687 ұпаймен көш бастап тұр, екінші орынға 1494 ұпаймен аргентиналық футболшылар орналасқан. Үштік тізімінде 1457 ұпаймен Бельгия командасы бар. ФИФА рейтингі 4 маусымда тағы жаңартылады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 12 мамырда Алматы қаласында өткізеді. Команда Буркина-Фасо футболшыларымен кездеседі. Жаңартылған тізімде бұл команда 66-шы орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или