Головкин Golden Boy компаниясын сотқа берді

Головкин Golden Boy компаниясын сотқа берді

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясынан қарызын өндіріп алу үшін сотқа шағым түсірді, деп жазады Prosports.kz.

Аllboxing.ru сайтының хабарлауынша, бұл қарыз 2018 жылы қыркүйекте сол кезде компанияның атынан шыққан Сауль «Канело» Альвареске қарсы екінші жекпе-жекке байланысты.

Бокс кешін Golden Boy және Головкиннің промоутерлік компаниясы GGG Promotions бірге ұйымдастырған. Головкин Golden Boy компаниясы келісімшартты бұзды деп айыптап, кем дегенде 3 миллион доллар қарызын өндіріп алуды талап етіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или