Скатов Италиядағы турнирдің жартылай финалында сүрінді
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияда өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда қазақстандық Тайвань теннисшісі Джейсон Ценгтен (Ценг Чунг-син) 5:7, 6:2, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.
Матч үш сағатқа созылды.
Еске салайық, ширек финалда қазақстандық теннисші екі сетте әлемнің 219-шы ракеткасы хорват Нино Сердарушичтен басым түсті - 6:4, 7:6 (5).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или