Нұрдос Төлебай Алматы төрінде шаршы алаңға шығады
Кәсіпқой мансабында жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Нұрдос Төлебай (8-0, 6 КО) келесі жекпе-жегіндегі қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Қазақстандыққа өзбек боксшысы Бургут Ходжибаев (8-3, 3 КО) қарсылас атанды. Олардың жекпе-жегі 25 наурызда Алматыдағы MTK Fight Night бокс кешінде өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде Қамшыбек Қоңқабаев оңтүстікафрикалық Джонни Мюллермен жекпе-жек өткізеді. Қос боксшы бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold белбеуін бәске салады.
Еске салайық, 20 жастағы Нұрдос Төлебай кейінгі жекпе-жегінде беларусь боксшысы Надзир Бақшиевті жеңген еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или