Азиз Қожамбетов ҚБФ атқарушы директоры атанды
Азиз Қожамбетов Қазақстан Бокс Федерациясының атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл жайлы бұйрыққа бүгін қол қойылды. Бұл туралы бокс федерациясы хабарлады.
Азиз Есентайұлы осыған дейін ҚБФ президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келді. Халықаралық дәрежедегі тәжірибесінің арқасында жақында ғана аяқталған Азия Бокс Конфедерациясының Конгресінде аталған ұйымның директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Төрт тілді жетік меңгерген маман 2010-2014 жылдар аралығында ASBC атқарушы директоры қызметін атқарған. World Series of Boxing аясында өнер көрсеткен даңқты “Astana Arlans” клубының негізін қалағандардың бірі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или