Скатов Италиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

Скатов Италиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Розето-дельи-Абруцци қаласында өтіп жатқан ATP Challenger Tour турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz .

Отандасымыз ширек финалда әлемнің 219-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичті екі сетте жеңді.

2 сағат 10 минутқа созылған кездесу 6:4, 7:6 (5) есебімен аяқталды. 

Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемнің 159-ракеткасы, Қытай Тайпейінің спортшысы Цэн Чун Синмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или