Айдос Ербосынұлы әлем чемпионымен жұдырықтасады
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0) жақын арада келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
<span>«Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Давид Морреллмен (6-0, 5 КО) жекпе-жек өткізеді.</span>
<span>Ербосынұлы командасымен бірге АҚШ-та жаттығып жатыр, ол Сауль «Канело» Альвереспен спарринг жасап жүр. Мексикалық та жақын арада ресейлік Дмитрий Биволмен айқасады», - деп хабарлады ресурс.</span>
<span>Еске сала кетейік, қазақстандық боксшының соңғы жекпе-жегі 2021 жылдың қыркүйегінде өткен. Ол оныншы раундта гайандық боксшы Леннокс Алленді нокаутпен жеңген. Содан кейін ол WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына үміткер атанды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или