Қазақстандық теннисші Индиан-Уэллстегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Индиан-Уэллстегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев германиялық Александр Зверевпен бірге Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Голубев пен Зверев ширек финалда америкалық Томми Пол мен Тейлор Фрицті жеңді. 

1 сағат 26 минутқа созылған кездесу 6:4, 7:6 есебімен аяқталды. 

Айта кетейік, жартылай финалда олар Джон Иснер/Джек Сок – Фелисиано Лопес/Стефанос Циципас жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или