Мэнни Пакьяо төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо америкалық кіші Флойд Мейвезер өткізген жекпе-жектің алдында өзінің жарақатын жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Шет елдік басылымдардың таратқан мәліметі бойынша, 3-мамыр күні өткен айқастың алдында Пакьяо ресми құжатты толтыру барысында өз жарақатын қасақана жасырған екен. Бұл Невада штатының заңына қайшы келеді. Сондықтан да мұндай қылмысы үшін Мэнни Пакьяо төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 5 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуі керек. Бірақ, спортшының өкілдері бұл жайтқа қатысты ресми түсінік бермеді.

Әрине, мұндай айыппұл Пакьяоның қалтасын айтарлықтай жұқартпайтыны белгілі. Өйткені, филиппиндік боксшы аталмыш кездесуден кейін 120 миллион доллар көлемінде табыс алды.

Еске сала кетейік, Мэнни Пакьяо мен кіші Флойд Мейвезер арасындағы "ғасыр жекпе-жегіне" баланған жекпе-жекте америкалық боксшының мерейі үстем болып, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Кездесу Лас-Вегаста MGM Grand аренасында 3 мамыр күні өтті. 12 раундқа созылған жекпе-жекте америкалықтың еншісіндегі WBA, WBC және Пакьяоның қоржынындағы WBO белбеулері сарапқа салынған еді.

Алаш Айнасы интернет порталынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или