Мозли: «Мейвезерді құлататын жалғыз адам болса, ол – Головкин»

Үш салмақ бойынша әлемнің экс-чемпионы Шейн Мозли өзінің твиттерінде Головкиннің Мейвезерден мықты екенін жариялады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Мозлидің «Твиттер» әлеуметтік желісіндегі бір оқырманы оған мынандай сұрақ жолдаған болатын: «Қалай ойлайсыз, Головкин Флойдпен жекпе-жек өткізу үшін салмақ тастайды ма? Немесе Флойд осылай жасай ма?». Экс-чемпион өз жауабында былай деді: «Головкин Мейвезерді нокаудқа түсіре алатын жалғыз боксшы. Сол себепті Флойд онымен қолғап түйістіруді қаламайды».

Мозли кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін 2013 жылы өткізген болатын. Осы аралықта кіші-Мейвезер Флойд және Мэнни Пакьяомен де жұдырықтасып, екеуінен де ұпай саны бойынша жеңіліп қалды.

Флойд Мейвезер Мэнни Пакьяоны жеңгеннен кейін, өзінің кәсіби мәнсабындағы соңғы қарсыласын таңдауды бастап кетті. БАҚ Мейвезер үшін спорттық жолын аяқтауда Геннадий Головкин таптырмас қарсылас болатынын мәлімдеуде. GGG Флойдтың үміткерлер сапында бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или