Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннисі рейтингіндегі жағдайын жақсартты
Tennis Europe (TE) ұйымы алдағы күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингін жария етті, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында көшбасшылық жағдайын жақсарта түсті. Беделді Еуропа турнирлерінде сәтті өнер көрсетуінің нәтижесінде Заңғар ұпай санын 505-ке жеткізді. Осылайша Қазақстанның жас жұлдызы өзінен кейін келе жатқан Микаэл Аванесян (Армения), Иван Иванов (Болгария), Ленни Петиттен (Франция) қара үзіп кетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или