Паралимпиадашылар елге оралды

Паралимпиадашылар елге оралды

<span>Ел үмітін ақтап, халықты қуантқым келді. Паралимпиаданың қола жүлдегері Алекесандр Герлиц осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24». </span>

<span>Бүгін Қазақстан паралимпиада құрамасы Бейжіңнен оралды. Спортшыларды елорда әуежайында достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды. Қысқы ойындарға 5 спортшымыз аттанған. Бұйырғаны бір қола медаль. Герлиц 10 шақырымдық пара-биатлонда үздік үштікті түйіндеді. </span>

<span>Солтүстікқазақстандық спортшы артынша 12 шақырымдық сынға да қатысып, 5-орынға тұрақтады. Ал жарыстың соңғы күндері парашаңғыда тағы 2 рет 5-тіктен табылды.</span>

<span> Бұдан бөлек, Қазақстан командалық шаңғы эстафетасында бесінші орын алды. Бұл сында Александр Герлиц пен Ербол Хамитов жарысқа шықты. 1 қоланың арқасында ұлттық құрама жалпы есепте 17- орын алды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или