Қысқы

«Медальсіз қайтпадық». Паралимпиада ойындары аяқталды

«Медальсіз қайтпадық». Паралимпиада ойындары аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Бейжіңде XIII қысқы Паралимпиада ойындары мәресіне жетті. Prosports.kz қазақстандықтардың Бейжіңдегі өнерін қорытындылайды.

Олимпиададағы сәтсіздіктен кейін паралимпиадашылар қуантқаны алғаш емес. Бейжіңдегі ойын да солай. Алтын медаль ала алмасақ та, қоржында бір жүлде бар.

Паралимпидада Александр Герлицтің еңбегін ерекше атап өткен жөн, ол парабиатлонда Қазақстан қоржынына қола медаль сыйлады. Бұған дейін ешқашан бұл спорт түрінен Паралимпиада жүлдесін алмап едік. Сонымен қатар, Герлиц биатлон жарысында бір мәрте үздік бестікке енді, одан бөлек, шаңғы жарысында да үш рет топ-5 қатарынан көрінді. Қола медальдан бөлек, Герлиц жақсы сыйақы алады. Қола медаль үшін оған 75 мың доллар (39 млн теңге шамасында) және әр бесінші орын үшін 10 000 (5,1 млн теңге шамасында) доллар беріледі. Жалпы алғанда сыйақысы - 115 мың (59 685 000 теңге шамасында).

Сонымен қатар, Паралимпиада дебютанты әрі ту ұстап шыққан Ербол Хамитовке де тоқталған жөн. Ол биатлонда екі мәрте 16-орын алса, шаңғы жарысында жетінші орынды иеленді.

Осылайша, Қазақстан медальдар көрсетішінде 17-орын алды.

Үздік нәтижелер

Парашаңғы жарысы

Спринт. Еркін жүріс
Александр Герлиц – 5-орын

Тұрып жарысу. 10 км. Еркін жүріс
Александр Герлиц – 5-орын

Ашық эстафета 4х2,5 км
Александр Герлиц, Ербол Хамитов – 5-орын

Парабиатлон

Тұрып жарысу. 10 км.
Александр Герлиц – 3-орын

Тұрып жарысу. 12,5 км.
Александр Герлиц – 5-орын

Медальдар есебі

Фото: ҰПК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер