Паралимпиада-2022: Қазақстандық спортшылар қанша табыс тапты
Қазақстандық спортшылардың Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында өнер көрсеткені үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды.
<span>Қазақстандықтар үшін келесі төлемдер белгіленген: алтын медаль үшін – 250 мың доллар, «күміс» үшін – 150 мың доллар, «қола» үшін – 75 мың доллар, төртінші орын – 30 мың доллар, бесінші орын – 10 мың доллар, алтыншы болғаны үшін – 5 мың доллар. </span>
<span>Биатлоншы Александр Герлиц үздік көрсеткішке қол жеткізіп, қола медаль иеленді. Сонымен қатар жеке жарыстарда ол үш рет бесінші (екі рет – шаңғы жарысында, бір рет – биатлонда) болды. </span>
<span>Бұдан бөлек, Қазақстан командалық шаңғы эстафетасында (Александр Герлиц, Ербол Хамитов) бесінші орын алды. </span>
<span>Осылайша, жалпы алғанда қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Паралимпиадада 125 мың доллар табыс тапты.</span>